"Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы сауданың құлдырауын туғызды" - Сауда министрі

2020-05-12 09:00:46
Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде "Қорғас" ШЫХО тоқтауы қаңтар-сәуір айларында аймақтағы сауданың құлдырауын туғызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақыт Сұлтанов министр болды: Қазақстанда сауда және интеграция министрлігі құрылдыСонымен қатар, теңгенің құнсыздануы импортталатын тауарлардың сұранысын төмендетті. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында айтты.

"Осы жылдың алғашқы төрт айында ішкі сауда саласының даму көрсеткіші айтарлықтай бәсеңдегені байқалды. Сауданың нақты көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеді. Негізгі құлдырау сәуір айында, яғни ел бойынша карантин шаралары енгізілгенде байқалады. Жалпы сауда саласында өткен жылмен салыстырғанда 34,8 пайызға, оның ішінде бөлшек 44,7 пайызға, көтерме сауда 27,8 пайызға төмендеді... Республикалық ішкі сауда құрылымында тек Алматы қаласының үлесі 40 пайызды құрайды. Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде "Қорғас" ШЫХО тоқтауы қаңтар-сәуір айларында аймақтағы сауданың құлдырауын туғызды. Бұдан басқа теңгенің құнсыздануы импортталатын тауарлардың сұранысын төмендетті", - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның сөзінше, алдағы уақытта онлайн сауда жанданады.

"Кеше мемлекеттік комиссияның отырысында карантиндік режимді сақтай отыра сауда объектілерін бірте-бірте ашу туралы жарияланды. Дегенмен сауданы жаңғырту үшін басқа да шаралар қабылдану керек. Бұл проблеманы жүйелі түрде жедел шешімдерді табу қажеттігін ағымдағы дағдарыс тағы айқындап берді. Әкімдер сауда инфрақұрылымы жағдайына ерекше назар аударуы маңызды. Көтерме-тарату орталықтарын салуды бастап, сауда нарықтарының одан әрі жаңғыртуын тездетуіміз керек. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдары кеңейтілетін болады. Сауда желілері мен айналым схемасы, форвардтық сатып алу дамып, электрондық сауда жаңа серпін алады", - деді сауда министрлігі.
Просмотров материала: 0