Тапсырамын: Мамин төтенше жағдайдан кейін жағдай қалай өзгеретінін айтты

2020-05-12 09:00:46
Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге төтенше жағдайдан кейінгі экономиканы қалпына келтіруді тапсырды., деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше президент төтенше жағдай режимі аяқталғанын мәлімдеді. Биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде ЖІӨ 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді. Бұл әлем елдерінде болып жатқан төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерге байланысты. Әсіресе, қызмет көрсету саласының белсенділігі соңғы екі айда төмендеді.Сауда және көлік секторы теріс динамика көрсетті, - дейді Асқар Мамин.

Дегенмен, оның айтуынша, жақсы жаңалықтар да бар. Мысалы, өңдеу өнеркәсібінде өсім 7% машина жасауда – 25,4%, жеңіл өнеркәсіпте – 13,9%, фармацевтикада – 24,2%, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібінде 6%, құрылыста – 5,5%, байланыс қызметтерінде – 9,6%, ауыл шаруашылығында – 2,2%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ға өсті. Алтын-валюта қоры $30,5 млрд, ұлттық қор активтері $58,5 млрд құрады.

Қазіргі кезде карантин режимі біртіндеп жеңілдетіліп жатыр. Жалпы, экономика салалары қайта қалпына келе бастауы тиіс. Санитарлық-эпидемиялық шаралар ескеріледі. Қызмет көрсету салаларының белсенділігі арта бастайды. Бұған мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етеді. Оның ішінде салықтық ынталандыру, жеңілдікті несиелендіру, отандық тауарларды өткізуге кепілдік беру тетігі арқылы ішкі өндірісті қолдау жолы бар. Сонымен қатар, үкімет "Атамекен" ҰКП және салалық қауымдастықтармен бірлесіп, іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамту және халықтың табысын қолдау шараларын талқылады, - дейді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, әзірленген шаралардың негізінде осы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді.

Ұлттық экономика министрлігіне, премьер-министр кеңсесімен бірлесіп, аталған жоспарды үкіметтің келесі отырысына шығаруды тапсырамын. Әкімдіктер қызмет көрсету секторын қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет. Жалпы, алдағы кезеңдегі басым міндет экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етілуін арттыруға, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға, тиімді инвестициялар мен қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбегіне кірігуіне негізделген жаңа құрылымын қалыптастыру болады, - деп түйіндеді Асқар Мамин.
Просмотров материала: 0