Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Президенттің пікірінше, эпидемиядан кейінгі кезеңде де бастамашылдық танытып, терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды.
"Бізге кез келген ахуалға бейімделіп, жедел шешім қабылдайтын, жаңартылған, тиімді әрі шағын мемлекеттік аппарат қажет", - деп жазды ол.
Тоқаев сондай-ақ Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатынын мәлім етті.
"Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі даму жағдайындағы негізгі басымдықтарымыз: азаматтардың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру, бизнесті дамыту, білім және ғылым саласын жаңғырту", - деп атап өтті ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру керек. Бұл – дағдарысты еңсеріп, өркендеуге қадам басудың бірден-бір жолы.

Просмотров материала: 0