Алдын ала қаражат бөлініп, пандемияға байланысты шараларды кейінге қалдырған қалалар мен облыстардың бюджеті қалай үнемделгенін жазады. Бүгін Ақтөбе облысының наурыз, сәуір, мамыр айларындағы мерекелік даталарға бөлген қаражатына тоқталамыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАП ҮЛГЕРГЕН
Ресми сауалымыздың жауабы облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаровтың қолымен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының басында коронавирус пандемиясына байланысты, 8 наурыз бен 22 науры мерекерелеріне арналған бұқаралық шараларды өткізбеу туралы шешім шығарғаны белгілі. Соған қарамастан, Ақтөбе облысы бөлінген қаражатты игеріп үлгерген.
«2020 жылдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген іс-шараларға 12 600 000 теңге қаражат жұмсалды»,- деп жауап берген облыс әкімінің орынбасары біздің ресми сауалға.
29 222 000 ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ақтөбе облысы жалпы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін, 22 науры мерекесін, Жеңістің 75 жылдығын, осы облыстың тумасы, Кеңес одағының батыры атанған мерген Әлия Молдағұлованың 95 жасын атап өту үшін бюджеттен 103 млн теңгеден астам қаражат қарастырғаны белгілі болды.
«22 науры мейрамына жалпы 15 000 000 теңге қаражат, 9 мамыр – Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай 42 768 000 теңге, сондай-ақ, Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына арналған мерекелік шараларға 33 555 000 теңге қарастырылған», - деп хабарлайды әкімнің орынбасары.
Ресми жауабында дереккөз бұл шаралар толығымен өтпей қалды ма, болмаса, кейінге шегерілді ме, нақты тоқталмаған. Бірақ, басқа шаралардан 29 млн теңгеден астам қаражат үнемделіп, облыстық бюджетке қайтарылғанын хабарлап отыр.
«Жарияланған төтенше жағдайға байланысты, мерекелік іс-шаралардан жалпы 29 222 000 теңге қаражат облыстық бюджетке қайтарылды. Соның ішінде, Наурыз мейрамына бөлінген 15 000 000, «Зере ананың жолымен» атты әжелер байқауына арналған 1 500 000 теңге, «Бидің ханшайымы – Нұрсұлу» атты V Республикалық би байқауына арналған 4 000 000 теңге, 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне жоспарланған 816 000 теңге, «Мерейлі отбасы» облыстық фестиваліне бөлінген 5 500 000 теңге, күйші, композитор Дәулеткерейдің 200 жылдығына арналған ұлт-аспаптар орындаушыларының байқауына бөлінген 2 406 000 теңге, барлығы 29 222 000 теңге облыстық бюджетке қайтарылды», - деп хабарланған Ақтөбе облысы әкімінің ресми жауабында.
«ЖАЗДА ТОЙЛАТАМЫЗ»
Атап өткеніміздей, Наурыз мерекесіне арналған қаражаттан басқа, Жеңіс күні мен Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына арналған датаның қаражаты бюджетке қайтты ма, жоқ па, нақтыланбаған. Әкім орынбасарының жауабынан түсінгеніміз, ол қаражат облыстың бюджетін нақтылау кезінде оңтайландырылады.
«Сәуір айына жоспарланған халықаралық «Балауса» фестивалі, «Жұбановтар әуені – 2020» фестивалі жаз-күз мезгілдеріне шегерілді. Төтенше жағдай кезіндегі мерекелік іс-шаралар онлайн режимде өтіп жатыр. Қарастырылған қаражат алдағы болатын жергілікті бюджеттің нақтылануында оңтайландырылады», - деп жауап берген әкімнің орынбасары.
Облыстық мәдениет басқармасы тарапынан әртістермен алдын-ала келісімшарт жасалмағандықтан, келісімді үзу немесе қосымша қаражат төлеу мәселесі туындамаған. Шаралар өтпегеніне қарамастан, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы сақталғаны хабарланып отыр.
«Жаз мезгіліне белгіленген мәдени шараларды уақытылы өткізу жоспарланып отыр», - деп аяқтаған хатын облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Аймақ жер көлемі бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында тұр. Халқының саны 800 мыңнан асады.

Просмотров материала: 0