Карантин режимі біткен соң тұрғындар өзін-өзі оқшаулап, сақтық шараларын күшейтуі керек. Босаңсуға әлі ерте. Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарға осындай ескерту жасады, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Оның сөзінше, Алматыда 19 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы жаппай тексеруден өткен. Сонымен қатар, әскерилер мен әлеуметтік топтағы адамдарды да тексеру жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта халық толықтай COVID-19-ға қарсы тексеріле алады. Бүгінге дейін қалада 77 мыңнан астам тест сатып алыныпты.
«Халықты жаппай тестілеу басталды. Осы күнге дейін 77 мың тесті өткізілген. Оның 22 мыңы эксперсс тест болатын. Қазіргі сәтте Алматыда 2 мың тест шығарылып жатыр. Алдағы уақытта оның санын 3 мыңға дейін көбейтпекпіз. Карантин режимі аяқталғанан кейін де оқшаулану мен қорғаныш құралдарын пайдалануды жалғастыру керек. Қоғамдық орындарда ара қашықтықты сақтап, масканы міндетті түрде тағу керек», - деді Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин.
Халықты тексерудің ауқымын кеңейту үшін 10 мобильді аурухана жұмыс істеп жатыр. Ал, тесттің нәтижесін жылдам шығару үшін 6 зертхана іске қосылған. Алдағы уақытта олардың санын 8-ге жеткізу көзделіп отыр.

Просмотров материала: 0