Жеңіс-75: Бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді

2020-05-05 15:00:42
Жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналған. Жеңістің 75 жылдығына орай жергілікті бюджеттерде осы мақсатқа 7,6 млрд теңге қарастырылғандығын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, азаматтардың келесі санаттарына жататын 124 242 адам үшін біржолғы төлемдер қарастырылған: Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері (1025 адам), қоршаудағы Ленинград тұрғындары (87 адам), концлагерлердің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары (289 адам), қайтыс болған екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) (4 866 адам), соғыс кезінде қаза болғандардың жесірлері (15 адам), тыл еңбеккерлері (109 040 адам), екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа да адамдар (8 920 адам), - деді вице-министр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ұлы Жеңіске үлес қосқан азаматтардың барлық санаттары үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілді шегін белгілеуді ұсынылғандығын айтты.

Нәтижесінде екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне барлық өңірлерде 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына және концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 50 мың теңгеден кем емес беріледі. Қайтыс болған майдан мүгедектерінің әйелдеріне, соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден кем емес біржолғы материалдық көмек беріледі, – деді Ерлан Әукенов.

Еске сала кетейік, республиканың 7 өңірінде яғни, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында төлемдер аяқталды.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында ардагерлерге "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы" мерейтойлық төсбелгілері, сондай-ақ дәстүрлі азық-түлік себеттері берілетіндігін айта кетті.

Просмотров материала: 0