Алматы облысының тұрғыны үшемді дүниге әкелді

Поделиться:
Алматы облысы Ескелді би ауданында 33 жастағы келіншек үшем босанды. Сәбилердің үшеуі де ұл бала. Кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Шақалақтың бірі 2 келі болса, қалған екеуінің салмағы 1 келі 800 грамнан, деп хабарлайды AzattuqRuhy.kz.

Үшемнің анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Оның бұған дейін екі баласы болған. Енді ол – көпбалалы ана.

«Ескелді би ауданына қарасты Алдабергенов ауылдық округінің тұрғыны, 33 жастағы ана үш ұлды дүниеге әкелді. Қазіргі таңда дәрігерлер балаларға ерекше күтім жасап жатыр. Маржан Имангабулова мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Бұл отбасының бұрыннан 2 баласы бар. Бір күн ішінде Маржан көпбалалы ана атанды», - деді Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Үшем мен олардың анасы перзентханадан қашан шығатыны белгісіз. Олар біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, карантин енгізілген уақыттан бері бұл Алматы облысында тіркелген екінші оқиға. Бұған дейін Жамбыл ауданының тұрғыны да үшемді дүниге әкелген еді.

Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также