«Қазақстанда 300 мың нашақор тіркелген» – Назарбаева есірткі транзитімен күресетін шекарашылардың жұмысын сынады

2020-04-30 13:00:43
«Қазақстанда 300 мың нашақор тіркелген» – Назарбаева есірткі транзитімен күресетін шекарашылардың жұмысын сынады
Бүгін Сенат депутаты Андрей Лукин елде нашақорлықпен, есірткі бизнесімен күрестің лайықты деңгейде жүргізілмей жатқанын айтып, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Ол депутаттық сауалында есірткімен күресу бойынша бірқатар ұсыныс білдірді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Нашақорлық ұлттық қауіпсіздігімізге, халық денсаулығына үлкен зиян тигізеді... Еліміздің барлық аймағында нашақорлықпен, есірткі бизнесімен күрес бойынша ведомствоаралық штабтың жаңа құрамын бекітуді ұсынамыз. Оның құрамына мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар кіргені дұрыс. Олардың жұмысын республикалық штаб басқарсын. Жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінен нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізетін пул жасақтау керек. Сайттарда есірткі құралдарын жарнамалауға шектеуді күшейту қажет», - деді ол Үкімет отырысында.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Андрей Лукиннің пікіріне қолдау білдіріп, «өте маңызды мәселе» деп баға берді.

«Бізде нашақорлық тақырыбында үнсіз қалу әдетке айналған, проблема жоқ сияқты. Статистика бойынша 300 мың нашақор тіркелген. Профильді комитет осы сұрақпен айналысса дұрыс болар еді. Реабилитациялық орталықтарға барып, азаматтар қандай ем алып жатқанын, олардың жағдайы қалай екенін, көмек көрсетілу сапасын білу керек. Есірткіге тәуелділердің емделіп, дұрыс өмірге оралуы маңызды... Біздің шекарашыларымыз есірткі тауарының елден транзитпен өтуінің жолын қалай кесіп жатыр? Ол да үлкен сұрақ. Оған қарсы барлық техникалық мүмкіндіктер, заманауи әдістер бар. Ықылас бар ма, әлде жоқ па?», - деді Д. Назарбаева.
Просмотров материала: 0