Алматыда КВИ-мен ауруханада жатқан үш науқастың жағдайы өте нашар

2020-04-29 09:00:46
Алматыда КВИ-мен ауруханада жатқан үш науқастың жағдайы өте нашар
Қазіргі уақытта Алматыдағы жұқпалы ауруханаларда 809 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр, 26-сы - ауыр, 228-і - орташа және қалғанының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланады, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты үш науқас арнайы аппаратқа қосылған, олардың екеуінің жағдайы өте ауыр және біреуі - нашар деңгейде. Уақытша құрылған стационарларда 426 адам жатыр, оның 15-і - балалар, 304-і карантиндік мақсатта оқшауланған, ал 11 694 адам үй карантинінде, олардың барлығы медициналық жіті бақылауға алынған.
Просмотров материала: 0