Дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерінің дефициті болмайды. 2020 жылға тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жалпы көлемі 259 миллиард теңгенің 1385 дәрілік заты енгізілді. Қазіргі таңда 86 миллиард теңгенің медикаменті жіберілді. Оның ішінде 47 миллиард теңгенің заты амбулаторлық емханаларға, стационарға 39 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі жіберілді, - деді Тимур Сұлтанғазиев.
Комитет төрағасының мәлімдеуінше, Қазақстанда өзге инфекциялық аурулардың көрсеткіші төмендеген.
Бұл ең алдымен, аурудың маусымына байланысты. Корь індеті былтырғы жылмен салыстырғанда 46%-ға, энтеровирусты инфекция 47%-ға төмендегенін байқадық. Вакцинациямен қамту деңгейі, корь вакцинациясына қатысты критерийлердің өзгеруі, халықтың бірқатар бөлігінің қосымша вакцинадан өтуі сияқты қадамдар оң нәтиже берді деуге болады. Бұдан вакцина арқылы ауруды бақылауға болатынын көреміз, - деді Сұлтанғазиев.