Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болғандар саны 47 мыңға жетті

Поделиться:
Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу өсімі тұрақталып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Республика бойынша өсім 4,5-8 пайыз. Жалпы бұл геометриялық прогрессия емес, орташа өсім болып саналады. Бірақ кей өңірлерде өсім 50 пайызға дейін байқалады.

Жалпы 682 адам сауығып, үйлеріне жіберілді. (...) Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандарға мониторинг жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Инфекция анықталған адамдардың әрқайсында байланыста болған жақыны немесе байланысуы мүмкін адамдар шеңбері бар. 47 839 адам тіркелді, оның 98,5 пайызы оқшауланды. Болжамдарға сәйкес, өсім тұрақтанып жатыр", - деді Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Еске салайық, Қазақстанда 2791 адам коронавируспен ауырып жатыр, 25 адам қайтыс болды.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также