IV тоқсанда оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды өткізу әдістемесі жасалды. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дүйсенбі күні қашықтан оқытудың 4-тоқсанының төртінші аптасы басталады. Жалпы, үш апта бойы оқушыларымыз, ұстаздарымыз жоспарланған жүйеге сәйкес жұмыстарын жасап жатыр. Бұл ұстаздарымызға, оқушыларымызға жаңа тәжірибе болып тұр. Оқу процесі белгіленген тәртіппен оқушылардың, ата-аналардың және педагогтардың технологиялық дайындығына сәйкес, сонымен қатар бірнеше платформа арқылы жүріп жатыр», - деді комитет төрағасы.
Осы ретте ол 1-10 сынып оқушыларына IV оқу тоқсанында бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетіндігін түсіндірді.
«Әдістемелік ұсыныс дайын. Ол ұсыныс Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығы бойынша оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды өткізу үлгілік қағдиаттарына сәйкес дайындалды. 1-10 сыныптарда апталық жүктемесі 2 және одан артық сағат болатын пәндерде бөлім бойынша 1 жиынтық және 1 тоқсандық бағалау жұмысы, яғни 1 ТЖБ, 1 БЖБ болады. Ал оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндеріннен 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау өткізіледі», - деді Майра Мелдебекова.
Комитет басшысының айтуынша, жаңартылған білім беру бағдарламасына көшпеген 11-сыныпта бақылау жұмысы болады.
«1 бақылау жұмысының нәтижесінде тоқсандық қорытынды шығарылады»,- деді ол.

Просмотров материала: 0