Жұма, 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

2020-04-24 07:00:46
Жұма, 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар), дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, күндіз бұршақ, кей жерлерінде жел 15-23 м/с артады.

Күндіз Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, Қарағанды облысында тұман болжанады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, 15-25 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

24.04.2020
Гороскоп на 24 апреля
23.04.2020
СИДИ И СМОТРИ!
23.04.2020
В стране выявлено 2251 случаев заражения COVID-19
23.04.2020
Туған күнді тойлауға жиналған бір топ адамнан 5 қару тәркіленді
23.04.2020
Қазақстанда қай жолдар ақылы етілгелі жатыр
23.04.2020
Алматы облысында бас көтерген саудагерлер жалға алу ақысын төлемейтін болды
23.04.2020
Президент высказался о продлении карантина
23.04.2020
В ВКО горит лес