Ақтауда бақылау бекетінде тұрған полиция қызметкерін қағып кетті(ВИДЕО)

2020-04-23 13:00:52
Ақтауда бақылау бекетінде тұрған полиция қызметкерін қағып кетті(ВИДЕО)
Ақтауда біреу мобильді бекетте тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды lada.kz.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер 1998 жылғы жас жігітке жамбасының сынуы, оң жақ тізе буынының зақымдануы, сондай-ақ басының жабық жарақаты деген диагноз қойды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.
Полиция қызметкерін қаққан жүргізуші ұсталды.

Түнгі сағат 21:15 шамасында 26 ықшам аудандағы "Достық" сауда үйінің жанындағы мобильді бекетте тұрған полиция қызметкерін Toyota Hilux маркалы көлігін тізгіндеген 54 жастағы жүргізуші қағып кетті. Соққы салдарынан полиция қызметкерінің денсаулығына жеңіл дене жарақаттары келтірілді. Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы, яғни "Төтенше жағдайды бұзу" және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы, яғни "Адам денсаулығына зиян келтіретін, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол ережелерін бұзуы" бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлады аймақтық ПД баспасөз қызметі.