22 сәуір күні Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына провизорлық стационардың әкімшілік ғимаратының екінші қабатынан емделушінің құлап, есін жимастан қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Одан алынған COVID-19-ға талдау теріс нәтиже берген. Стационардан қашып кетуге тырысып, 42 жастағы өзін агрессивті ұстаған ер адам екінші қабаттың терезесінен шығып, асфальтқа құлап кеткен, - делінген хабарламада.
Дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.