Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті(ВИДЕО)

Поделиться:
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін спорттық дарынымен таңғалдырды, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Ол өзінің Инстаграмдағы парақшасына жүктеген видеода футбол добымен қаншалықты шебер ойнай алатындығын көрсеткен.

"100 рет. Бала кезімде күнде футбол ойнағаным есімде. Қазір шеберлігімнен айырылғаным байқалады, бірақ бір сәт сабақ пен ойынға уақыт табылды", – деп жазады әнші.

Бұл видео әп-сәтте жүз мың рет тамашаланып, оның астына бес мыңға жуық пікір жазылды.



Көптеген жанкүйер әншінің спорттық дарынына таңданысын білдірді.

"Барлық салада шеберсіз. Сіз тек қана ән айтуды біліп қоймай, сонымен қатар спорт шебері де бола аласыз", – деп жазды Димаштың жанкүйерлерінің бірі.

Айта кетейік, наурыз айының соңында әнші коронавирус пандемиясына байланысты Arnau атты әлемдік турнесін тоқтатты.



Нұр-Сұлтан қаласында отбасымен үйінде оқшауланған әнші карантинді қалай өткізіп жатқаны туралы фотосуреттер мен видеолар жариялап тұрады.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также