Үкімет ұйымдастырып отырған әлеуметтік жәрдемақы қазақстандықтардың жағдайына байланысты төленіп отыр. Бұл жайлы қазіргі таңда көптеген ақпарат таралып жүр. Біз өз тарапымызға жүктелген барлық міндетті орындап жатырмыз. Биылғы жылы 4 млн тұрғын белгіленген зейнетақы мен мемлкеттік жәрдемақы алды. Президентіміздің жүктеген тапсырмаларын орындап жатырмыз. Солардың ішінде жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасын айта кеткен жөн. Бұл бағдарлама аясында 6 мың жоба іске асырылды. Алдағы уақытта 250 мың адам жұмыспен қамтылатын болады, - деді вице-министр.
Сонымен қатар, вице-министр қазіргі таңда қанша қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақыны алғанын атап өтті.
Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - "42 500 теңге" болып отырғанын анық көріп отырмыз. Осындай қысқа мерзім ішінде көрсетілген ақпараттық жүйелер арқылы 8 миллионға жуық қазақстандық өтінім беріп үлгерді. Оның ішінде 3 млн адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл жұмыстар әлі де қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұрынғыдай банктерді торуылдаған халық азайды. Барлығы үйлерінде онлайн түрде өтінім беруде, - деді Ақмади Сарбасов.
Дөңгелек үстел барысында вице-министр осы уақытқа дейін 1 млн 126 мың жағдайы төмен адам азық-түлік пен тұрмысына қажетті заттармен қамтамасыз етілгендігін айта кетті.
Бұл санаттағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын анықтап, тізім бойынша тұрмысқа қажетті заттар берілді, - деді спикер.
Сонымен қатар, вице-министр бұл әлеуметтік жәрдемақыны төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандар, жеке кәсіпкерлер және де жұмысынан айырылған тұрғындар ғана алатынын тағы да бір ескертті.