Алматыда тағы 127 дәрігер коронавирус жұқтырды

2020-04-21 15:00:40
Алматыда тағы 127 дәрігер коронавирус жұқтырды
COVID-19 вирусын жұқтырғандардың 104-і орталық қалалық клиникалық аурухананың, 12 медицина қызметкері №12 қалалық емхананың, тағы 11 дәрігер қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкері. Қалған 18 адам вирус жұқтырған науқастармен байланыста болған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Сонымен, Алматыда 21 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 диагнозы расталған адамдардың саны 669-ға жетті.

«Бүгінгі күні 577 адам жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустан емделіп жатыр. Екі пациенттің жағдайы өте ауыр, 6 адам ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында қанағаттанарлық», - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті індетті жеңіп, жазылып шыққан тұрғындардың саны – 88 адам. Провизорлық госпитальдарда – 452 адам, карантиндік оқшаулауда – 352 адам, үй карантинінде 9950 адам жатыр.

Алматы қаласы Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, №12 Қалалық емхана карантинге жабылды. Қызметткерлері жаппай коронавирусты жұқтырғандықтан бұған дейін орталық қалалық клиникалық ауруханасы да карантинге жабылған еді. Қазір бұл аурханада түгел дезинфекция жүргізіліп, стационар таза және вирус жұқтырған аймақтарға бөлінді.

«Бүгінгі күні қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылды. Емдеуде жатқан науқастарға медициналық көмекті тек обаға қарсы костюмдерін киген медицина қызметкерлері көрсетуде. Пациенттермен коронавирусқа талдаулары теріс қорытындысы бар медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - делінген ақпараттық хабарламада.

Тек Алматы қаласының өзінде COVID-19 вирусын жұқтырған медқызметкерлердің саны 422-ге жетті. Олардың 353 орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері мен медбикелері. Қалғандары қаладағы 7 аурухананың қызметкерлері.
Просмотров материала: 0