Түркістан облысында мас жүргізуші үш полицейді қағып кеткен

2020-04-20 13:00:43
Түркістан облысында мас жүргізуші үш полицейді қағып кеткен
Түркістан облысында полицейлерге шабуыл жасаған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды[url=https://polisia.kz/] Polisia.kz.[/url

Төтенше жағдай кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің ЖПҚ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді. Осындай рейд барысында тәртіп сақшылары қала көшелерінің қиылысында себепсіз жүрген Mercedes автокөлігін тоқтатады. Құжаттарды талап ету кезінде мас жүргізуші тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді соғып, тәртіп бұзушыны тоқтатуға әрекет жасап, көліктің есігінің жанында тұрған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Үш полиция қызметкері жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.