"Бар күшімді саламын": АҚШ елшісі карантинде қазақ тілін үйреніп жүр(ВИДЕО)

2020-04-20 13:00:43
"Бар күшімді саламын": АҚШ елшісі карантинде қазақ тілін үйреніп жүр(ВИДЕО)
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер карантин кезінде қазақ тілін үйреніп жүр, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Әлеуметтік желілерде қазақ тілін қашықтан оқып жатқан елшінің видео пайда болды.

"Мен қазақ тілінің адамдар арасында күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Орыс тілін алматылық такси жүргізушілерінің арқасында үйрендім деп әзілдейтінім бар. Ал енді елшілік мұғалімінің көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын", – деді Мозер.

Оның айтуынша, Google оған жақсы көмектескен әрі өзінің ынта-жігерімен мұғалімдерді таңғалдырған.

View this post on Instagram

“Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын.”, - АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. ???????????????? Ambassador Moser : “Today, I see that Kazakh is becoming the language of daily communication among citizens. I joke that I learned my Russian from Almaty taxi drivers, but I am definitely doing my best to learn Kazakh from my teacher at the Embassy.” #stayhomeandlearnkazakh

A post shared by U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz) on

 

Последние новости