Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

ДДҰ- коронавирусты екпесіз тоқтату мүмкін емес

Поделиться:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясына қарсы тұратын тиімді вакцинаны жасап шығармай оны тоқтату мүмкін еместігін мәлімдеді. Қазіргі уақытта әлем бойынша 1,9 млн адам қауіпті індетті жұқтырса, 114 мыңы осы дерттен мерт болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайып келгенде бұл індетті түпкілікті тоқтату үшін қауіпсіз әрі тиімді вакцинанын жасап шығару қажет болады. Вакцина COVID-19 инфекциясының екінші толқыны басталмас үшін өте қажет, - дейді ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Оның айтуынша, жаһандық ықпалдастықтың әсерінен коронавирустың екінші толқыны мүмкін. Сонымен қатар, ол COVID-19 инфекциясы өте жылдам тарайтынын және 2009 жылы болған шошқа тұмауына қарағанда адамдар он есе көп өлетінін жеткізді.

Бұған дейін ДДҰ өкілдері әлемнің бірнеше елінде коронавирусқа қарсы екпе жасалып жатқанын мәлімдеген. Алайда оны жасау мен сынақтан өткізу жұмыстары көп уақыт алатындықтан ол кем дегенде бір жылдан кейін бірақ шығатын көрінеді.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также