Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Нұр-Сұлтанда қайтыс болған науқас стационарға ауыр халде жеткізілген

Поделиться:
Бұл жайында Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Көз жұмған науқас 1950 жылы туған. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 11 сәуір күні сағат 21:04-те жедел медицина қызметкерлерінің көмегімен науқас провизорлық стационарға ауыр халде жеткізілген. Осыған байланысты шұғыл ранимация бөліміне жатқызылған. Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың белгілері анықталған. Соған байланысты, науқаста ауру салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Аорто-коронарлық шунттау, артериялық гипертензия, қант диабеті сияқты қосымша диагноздары анықталды, - деді басқарма басшысы.

Диагностика барысында тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмониямен асқынғандығы байқалған. Сонымен қатар, 12 сәуірде науқас инфекциялық стационарға ауыстырылғандығын атап өтті спикер.

Алайда, қарқынды терапияға қарамастан, науқас 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22.20-де көз жұмған. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілгенімен науқас 23:40 минутта қайтыс болды.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда қайтыс болған науқастың туыстары тексеріліп, үй жағдайында карантинге жабылған.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также