Қазақстанда несие төлеуді кейінге қалдыру бойынша 1,1 млн тұрғыннан өтініш түсті

2020-04-10 15:00:38
Қазақстанда несие төлеуді кейінге қалдыру бойынша 1,1 млн тұрғыннан өтініш түсті
1 миллионнан астам қазақстандық несие төлеу бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлеу мерзімін кейінге қалдыруды сұрап, банктерге өтініш берген. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«9 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 млн 137 мыңға жуық адамның өтініші қанағаттандырылды. Жеке тұлғалар бойынша 983 мың 123 өтінішті кейінге қалдыру бойынша шешім қабылданды. Несиені төлеу мерзімін кейінге шегеру бойынша өтініштер әлі де қабылдануда. Банк өтінішті 10 күн ішінде қарайды. Егер әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамның өтініш берсе, ол бойынша тез арада шешім қабылданады. Мұндай жағдайда 10 күн күтудің қажеті жоқ. Банктер бұл процесті онлайн режимде де жүргізіп жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ Елена Бахмутова карантин кезінде банктер таңертеңгі сағат 9-дан бастап кешкі 17:00 аралығында жұмыс істейтінін атап өтті.

«Әлеуметтік көмек алу үшін, яғни 42 500 теңгеге қол жеткізу үшін банк қызметіне жүгініп жатқандар көп. Бұл орайда несие ұйымдары шот ашу секілді қызметтерді онлайн режимге көшірді. Ол үшін банкке барудың қажеті жоқ. Жалпы жауапты министрліктің хабарлауынша, әлеуметтік көмек алу үшін 3,2 миллион өтініш түскен», - деді қауымдастық басшысы.
Просмотров материала: 0