Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды

Поделиться:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес елордада әскери міндеттілердің тізімі жасалып, әскерге шақырылды, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды. Олардың барлығы әскери міндетті-еріктілер. Қажет болған жағдайда олардың саны ұлғайтылады.

Әскери міндеттілер қатарында белгілі қазақстандық боксшы, "Көк тудың желбірегені" әнінің авторы және орындаушысы Ибрагим Ескендір де бар, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Халық әрқашан шығармашылық адамдарын, спортшыларды қолдайды. Біз бұл қолдауды сезінеміз. Халқыма қызмет етуге дайынмын. Мен запастағы лейтенантпын, бокспен айналысатындықтан физикалық тұрғыда төзімдімін. Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиынға шақыру туралы жарлығын естігенде, еш күмәнсіз бірден елордадағы әскери комиссариатқа келдім. Медициналық тексеруден өттім, қызметке дайынмын", - деді Ибрагим Ескендір.

Қала әкімі Алтай Көлгінов әскери міндеттілердің негізгі міндеті коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб жұмысына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, қала аумағына дезинфекция жүргізу, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету екенін атап өтті.


Әскери міндеттілер тамақпен, киім-кешекпен, сондай-ақ еңбекақымен толықтай қамтамасыз етілді.


Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также