Вахтада жүрген «Теңізшевройл» жұмысшысы коронавирус жұқтырды

Поделиться:
Covid-19 жұқтырған 40 жастағы әйел екені белгілі болды. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады AzattyqRuhy.kz.

Басқарманың хабарлауынша, 1970 жылғы әйел Теңіз кен орнында «ТШО» ЖШС мердігерлік ұйымдарының бірінде жұмыс істейді, Ватернас вахталық лагерінде тұрған. Қазір ол инфекциялық изоляторға жатқызылып, жауапты органдар науқаспен байланыста болғандарды анықтады. Қарым-қатынаста болғандарды карантиндік стационарға оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

«Коронавирус анықталу фактісі өндіріс жұмыстарына әсерін тигізбейді, ТШО компаниясында өз жұмысшыларын қорғау мақсатында барлық жұмыстар ұйымдастырылған. Теңіз кен орнындағы барлық жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді, дезинфекция барлық нысандарда жүргізілуде, «ТШО» ЖШС кіре берістеріне төрт санитарлық пост орнатылды», - дейді компания басшылығы.

Соңғы деректер бойынша Атырау облысында қауіпті вирус жұқтырғандардың саны 36 адамға жетті.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также