Медицина қызметкерлерінің үстемеақылары аударылды

Поделиться:
ҚР медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылар тиісті ауруханаларға аударылды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел президентінің тапсырмасы бойынша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін ауруханаларға ақша аударды. Өңірлерде әрбір қызметкердің жұмысқа араласу дәрежесі мен төлем сомасын анықтайтын комиссиялар құрылды.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында барлық қауіптілік топтары, төлем мөлшерлері және тізімдерді жасау тәртібі белгіленген. Жалпы алғанда, 30 мыңнан астам медицина қызметкері қосымша төлемдер алады, - делінген министрдің хабарламасында.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также