Коронавирус: АҚШ-та бір тәулікте 1736 адам көз жұмды

2020-04-08 11:00:41
Коронавирус: АҚШ-та бір тәулікте 1736 адам көз жұмды
АҚШ-та коронавирустан соңғы бір тәулікте 1736 адам қайтыс болды. Бұл осы елде індет басталғалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр, деп жазады AzattyqRuhy.kz РИА Новости сілтеме жасаап.

Бұған дейінгі ең көп адам өлімі көрсеткіші 4 сәуір күні тіркелген еді. Ол кезде қауіпті індеттен бір тәулікте 1344 адам көз жұмған болатын.

Қазіргі уақытта Құрама Штаттардағы коронавирус инфекциясы құрбандарының жалпы саны 12700 адамға жетті. Індет орталығы Нью-Йорк болып отыр. Бұл штатта көз жұмғандар саны 4009 адамға жетті.

АҚШ-та COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 400 мың адамға жуықтады, 22 мың адам ауруынан айығып шықты.

«Бүгінде аталмыш індет әлемнің 180 еліне тарап кетті. Әлем бойынша қауіпті вирус жұқтырғандар саны 1,2 миллион адамнан асып кетті, оның ішінде 72 мыңнан астам адам көз жұмды», - деп мәлімдеді ДДСҰ.

Коронавирус айрықша көп тараған елдер тізімін АҚШ бастап тұр, одан кейін Италия мен Испания тұр.

Ал Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны қазіргі таңда 704 адамға жетті. Елімізде барлығы 51 адам ауруынан айыққан. 6 адам қайтыс болды.
Просмотров материала: 0