Нұр-Сұлтанда үш науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды

Поделиться:
Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған бес адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас жатыр, оның 203-і коронавирустан емделуде, оның ішінде 10 науқас Ақмола облысының тұрғындары.

"Сонымен қатар, бес науқастың жағдайы ауыр, үшеуі жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", - деді Қисықова.
Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 222 адамның басым бөлігі науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, яғни ешқайда шықпай, ауырып қалған. Сырттан келгендердің саны 12 процентті ғана құрады.

"Жалпы, 222 науқаспен қарым-қатынаста болған 2 167 адам анықталды. Орташа есеппен бір науқасқа 10 адамнан келеді. Олардың бәрін оқшаулап, тексеріп шықтық", - деп түйіндеді Қисықова.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также