42 500 теңге: өтініш беруді жеңілдету үшін 18 telegram-бот іске қосылды

2020-04-06 15:00:41
42 500 теңге: өтініш беруді жеңілдету үшін 18 telegram-бот іске қосылды
Қазақстанда төтенше жағдай әсерінен табысын жоғалтқандарға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы алуға өтініш беру үшін әр өңірге жеке-жеке telegram-боттар ашылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады, деп жазады AzattyqRuhy.kz.

«Бізге бұған дейін істеп келген telegram-боттың жұмысы баяу деген шағымдар түсті. Себебі өтініш берушілер көп болды. Сондықтан біз салмақ бір жерге түспес үшін 18 аймаққа арналған боттар аштық. Кез келгенін таңдап, өтініш бере аласыз. Сонымен бірге egov.kz және 42500.enbek.kz сайттарын да пайдалануға болады», - деп жазды министр парақшасында.

Министрдің жазуынша, кейбір «пысықайлар» telegram каналына оқырман тарту үшін фейк аккаунттар ашып алған. Әр өңір бойынша ашылған telegram-боттардың ресми сілтемесі төмендегідей:

https://t.me/Help42500Bot
https://t.me/JambylObl42500Bot
https://t.me/Kostanai42500Bot
https://t.me/Karagandy42500Bot
https://t.me/Atyrau42500Bot
https://t.me/Turkistan42500Bot
https://t.me/Aqtobe42500Bot
https://t.me/Pavlodar42500Bot
https://t.me/Mangystau42500Bot
https://t.me/ZKO42500Bot
https://t.me/Qyzylorda42500Bot
https://t.me/SKO42500Bot
https://t.me/VKO42500Bot
https://t.me/NurSultan42500Bot
https://t.me/Shymkent42500Bot
https://t.me/Almaty42500Bot
https://t.me/AlmaObl42500Bot
https://t.me/Akmol42500Bot
Бүгін telegram-бот арқылы 44 433 өтініш қабылданып үлгерген.
Просмотров материала: 3