Елімізде 120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Поделиться:
Бұл туралы еліміздің Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.kz.

«Бүгінде 120 медицина қызметкері қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталды. Олардың 67-сі коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген және диагнозы анықталған науқастармен тікелей жұмыс істеген. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. Сондай-ақ 9 қызметкердің жағдайы орташа деңгейде. Қалған 57 адамның жағдайы жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, вирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге әлі төлем жүргізілмеген. Дегенмен, дәрігерлерде әлеуметтік төлем жүргізудің құқықтық-нормативтік құжатының жобасы жасалып қойған.

Естеріңізде болса, бұған дейінгі брифингтерде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев медицина қызметкерлері коронавируспен жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі берілетінін айтқан. Ал, медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде өтемақы беріледі.

Айта кету керек, бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індеттен 6 адам көз жұмды. 45 адам жазылып шықты.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также