Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы" директорының міндетін атқарушы И. Молдағалиевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады, - деді ол.
Данияр Бигайдаровтың айтуынша, ол тірі туылған нәрестені өлі туған ретінде көрсетіп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған.
Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туылған нәрестені өлі туған ретінде көрсетіп, оны патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына жалған ақпарат енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті болды, - деді жемқоролыққа қарсы агенттік өкілі.
28 наурызда Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И. Молдағалиев 1 325 500 теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.