30 наурыздағы коронавирус бойынша әлемдегі жағдай: 33 984 адам көз жұмды

2020-03-30 09:00:41
30 наурыздағы коронавирус бойынша әлемдегі жағдай: 33 984 адам көз жұмды
30 наурызда коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 722 289 адамға жетті. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша АҚШ - бірінші орында, екінші орында - Италия, одан кейін Қытай - деп хабарлайды zakon.kz.

Ауруды жұқтырған және емделген адамдар туралы ақпарат жаңартылып отыратын Arcgis.com мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та коронавирустың 142 356, Италияда - 97 689, Қытайда - 82 149 фактісі тіркелген.

Вирус жұқтырғандар бойынша одан кейінгі орындарда Испания (80 110), Германия (62 435), Франция (40 723), Иран (38 309), Ұлыбритания (19 784), Швейцария (14 829) және Нидерланды (10 930) елдері тұр.

ТМД елдерінің ішінде бұл тізімге Қазақстаннан басқа Украина (475), Армения (424), Әзірбайжан (209), Өзбекстан (144), Беларусь (94), Қырғызстан (84) да енген.

Барлығы 33 984 адам вирустан көз жұмды, 151 901 адам емделді.

Қазақстанда 30 наурызда сағат 00.20-ға дейінгі уақыт бойынша 284 коронавирус инфекциясы тіркелді.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

30.03.2020
ЦИТАТА ДНЯ
30.03.2020
Ақтөбелік әйел Facebook-те туыстарымен қоштасып, өзіне өзі қол салды
30.03.2020
Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет жоқ - министр
30.03.2020
Коронавирус: Ақтөбе облысында тағы 1 адам тiркелді
30.03.2020
Гороскоп на 30 марта
29.03.2020
НА ДОСУГЕ : В СВОИ 27 ЛЕТ ОН ЖИЛ НА УЛИЦЕ,А В 62 ГОДА ОН МИЛЛИОНЕР
29.03.2020
ЦИТАТА ДНЯ
29.03.2020
Гороскоп на 29 марта