Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет жоқ - министр

Поделиться:
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде "адамдардың 70 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет бар. Қауіпті індет 1965 жылы тіркелген" деген мәлімет тараған.

"Мұны түсіндіру керек. Дәрігерлер, мамандар мені толықтыратын шығар. Бірақ коронавирус - вирустар тобы. Оған 40 вирустың тобы кіреді. Атипиялық пневмония - бұл да коронавирус. Таяу шығыс респираторлық синдромы - бұл да коронавирус. Иә, 1965 жылы мұндай вирустың бірінші түрі анықталды. Алайда бұл COVID-19 емес. Адамдарды өлтіріп жатқан қазіргі вирус тек 2019 жылы ғана анықталды", - дейді министр "Хабар 24" телеарнасында өткен брифингте.

Оның айтуынша, адам коронавируспен ауырған соң, оның иммунитеті әлсіз болады екен.

"Өкінішке қарай, COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ. Сенбеңіздер, бұл туралы италиялықтардан сұраңыздар", - деді Дәурен Абаев.

Соңғы мәлімет бойынша, Италия коронавирустан адам өлімі бойынша көшбасында келеді. Бүгінде бұл елде қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 10 мыңнан асты.
Просмотров материала: 3

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также