"Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы-Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады", - деп жазды Тоқаев Твиттерде.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан президенті қызметіне кірісті. 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан болатын.
Президенттің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында болды. Тоқаев қазақстандықтардың 70,96% даусын жинады. Бір жылдағы екінші инаугурация 2019 жылдың 12 маусымында болды.