Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша 380 мың текше метрге жуық жер дезинфекцияланған.
Өңірде дезинфекцияланған 137 мыңнан астам шаршы метр аумақ – мектепте дейінгі білім беру нысандарында жүрсе, 14 мың шаршы метр – қоғамдық тамақтанатын жерлер. 16 743 шаршы метр аумақ – тамақ өнеркәсіптеріне, 18 908 шаршы метр – сауда орындарына тиесілі. Барлық залалсыздандыру жұмыстары мекемелер мен дезинфекциялық орталық келісімдерімен жүруде, – деді Нұрбек Садықбекұлы.
Департамент мамандары барлық сақтық шараларын қолға алып, коронавирус дертін жұқтырған азаматтардың облыс аумағына енбеуін қадағалап отыр.