«Сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы агломерациясына ішкі туризм бойынша турлар мен экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметіне тоқтау салынды»,- делінген хабарламада.
Еске салайық, 17 наурызда сағат 12.00-дегі мәліметке сәйкес, Алматы қаласында -11 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, жалпы Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 27 науқас тіркелді.