Ақтауда Халықаралық әйелдер күні тойланбайтын болды

Поделиться:
Ақтауда коронавирустың бүкіл әлемде таралуына байланысты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт қойылмайтын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Амал мен Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде теңіз жағалауында өтеді. Бұл туралы Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Құсайынова хабарлады.

Ақтауда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараларды Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткізу жоспарланған. Коронавирустың бүкіл әлемде таралуына байланысты қауіпсіздік мақсатында концерт болмайтын болды. Амал мен Наурызға арналған мерекелік шаралар ашық жерлерде ұйымдастырылғандықтан өтетін болады, - деді Құсайынова Ладаға берген түсініктемесінде.

Дәстүр бойынша, 21-22 наурыз аралығында теңіз жағалауында киіз үйлер тігіледі. Наурыз мейрамы кезінде жағалауға орнатылатын әр киіз жанына қол жууға арналған диспенсерлерді орнату жоспарланған.

Сондай-ақ, киіз үйлер желдетіліп, жоғарыдан түндігі ашылып қойылады.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также