Бюджет қаражатын шығарып, басқа елдерге демеуші болып отырмыз – Назарбаева

Поделиться:
Бүгін Сенаттағы парламенттік тыңдауда спикер Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп саласындағы проблемаларды атады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қазақстанда қазіргі уақытта 1071 орта және ірі кәсіпорыннан тек 40-ы жұмыс істеп тұр. Яғни жеңіл өнеркәсіптің әдеттегі кәсіпорыны тігін немесе аяқ-киім емес. Ателье және артель. Кейбір салаларда бір ғана ірі немесе орта кәсіпорын бар. Бұл ретте барлық кәсіпорындардың орташа қуаттылығы 26 пайыздан сәл асады. Саладағы қызметкерлер тізімі 12 700 адам, ал шын мәнінде - 9 300 адам. Кеңес уақытында бұл көрсеткіш 200 мың болған, - дейді Дариға Назарбаева.

Оның сөзінше, бұл салада импорттың үлесі өте көп. Мемлекеттік тапсырыс берушілердің көбі төмен бағаға қызығады. Сондықтан алып-сатарлар арқылы шетелден тауар көп келеді.

Біз жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттағаннан гөрі, 17 есе импорттаймыз. Осы күні елімізде жеңіл өнеркәсіпке ведомствоаралық мемлекеттік тапсырыстар бойынша қолдау жасалып отыр. Солардың есебінен кәсіпорындар жұмысын жалғастыруда. Бірақ түрлі себептерге байланысты кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, асортиментті кеңейтуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады. Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, арзан импорттық тауар алады. Нәтижесінде бюджет қаражаты елден шығарылып, басқа елдердің экономикасын дамытуға демеуші болады, - дейді Сенат төрағасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, спикер Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп саласындағы проблемаларды атады.
Просмотров материала: 3

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также