Желіде тарап кеткен видео: Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат түсіндірілді

Поделиться:
Әлеуметтік желіде тараған Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат жалған. Видео өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде түсірілді, деп хабарлады SputnikNews.kz Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Шымкентте коронавирус тіркелді деген шындыққа жанаспайды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тек ресми ақпаратқа сену керек екенін ескертеді", - делінген ведомство таратқан ресми хабарламада.

Ал Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, "Шымкент Плаза" сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткен.

"Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес, 3 наурыз күні сағат 10:17-де Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңындағы "Шымкент Плаза" ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу жаттығу өтті. Оған "Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі" мекемесінің 5 техника мен жеке құрамның 24 маманы қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында.


Шымкентте өрт-тактикалық оқу жаттығу өтті

Жаттығу кезінде сауда орнына келушілер эвакуациялық орындардан жаппай сыртқа шығарылып, есіктердің өткізу мүмкіндігі тексерілді.

Сондай-ақ, коранавируске қатысты жалған ақпарат таратып, халықтың арасында дау туғызған азаматтардың заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также