Қазақстандық шекарашылар қырғыз әріптестерімен бірлесіп Жамбыл облысының шекара маңы аумағынан жер астында төселген екі пластикалық шлангі тапты. Олар қазақ-қырғыз шекарасы бағытында жүргізілген.
"Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар шекара арқылы заңсыз жанар-жағармай тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жерасты магистралы болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты құзырлы органдарға хабар берілді. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.