Зауыт жұмысшылары алып ақсеркені толық зерттеді. Оның уылдырығын үлкен балықтан ұрпақ алып, жас шабақтарды өсіру мақсатында пайдаланатын болады.
Жайық-Атырау және Атырау бекіре балық өсіру зауыттарының жұмысшылары жыл сайын Жайық өзеніне 7 млн бекіре тұқымдас балығының шабақтарын жібереді.
2020 жылдың 23 ақпанынан бастап Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытымен бюджеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бекіре тұқымдас балық өндіргіштерін дайындау жұмыстары басталды.