Дариға Назарбаева: Біздің жауымыз көрші емес, жауапсыздық

Поделиться:
Азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттік деңгейдегі мәселе екенін алға тартқан сенат төрағасы Дариға Назарбаева «агроөнеркәсіп кешенінің ұлттық экономикадағы драйверге айналуы үшін барлық алғышарттар бар» дейді.

«Қазақсанның аграрлық саясатының негізгі міндеті – халықты 80% азық-түлік қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз ішкі нарықты қорғау, саланың табысын ұлғайту, жаңа технологияларға көшу, барлық заманауи стандарттар мен талаптарға жауап беретін азық-түлік шығару дегенді білдіреді. Осыған қол жеткізсек, біздің фермерлер сапа сертификатын алу үшін көп инстанцияларды аралап, қағаз жинап, өнімдерінің пайдалы екенін дәлелдеп жүруге тура келмес еді», - деген Сенат төрағасы Қазақстанның жеріне сырттан қарағанда, ішкі факторлар зиян тигізіп отыр дегенді алға тартты.

Еске салайақ, бүгін Сенатта агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде парламенттік тыңдау өткен болатын.

«Қазақстан - біздің жеріміз. Және біз ол үшін аға ұрпақ алдында да, біздің балаларымыз алдында да жауаптымыз. Мұны бәріміз жақсы түсінеміз. Біздің сыртқы жауымыз жоқ. Біз ешкімге ешқашан да туған жерімізің бір бөлігін де бермейміз. Бұл тұрғыда, бізді ешқандай көрші (елдер - авт) қорқытып отырған жоқ. Біздің басты жауымыз - жауапсыздық, біліксіздік, асығыстық, жағдайға дұрыс баға бере алмау және күн сайын туындайтын сын-қатерге жылдам төтеп бере алмау», - дейді Дариға Назарбаева.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также