28 наурыз күні Алматы қаласында бокстан Nauryz Fight Night турнирі өтеді, деп хабарлады Prosports.kz.

MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыратын бокс кеші «Халық Аренада» өтеді. Кеште мына боксшылар шаршы алаңға шығады:

Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) – жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері;

Тұрсынбай Кұлахмет – әуесқой бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы;

Фазлиддин Гайбназаров (Өзбекстан, 8-1, 5 KO) – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы;

Мухаммад Васим (Пәкістан, 10-1, 7 КО);

Абай Төлеш (5-0, 3 КО);

Хуршид Тожибаев (4-0, 2 КО);

Әли Балоев (9-0, 7 КО);

Әбілхайыр Шегалиев (8-0, 4 КО);

Рай Сейітжанов (2-0);

Нұрдос Төлебай (2-0, 1 KO).

Просмотров материала: 0