Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Атырауда қайғылы жол апаты: тірі қалған жалғыз адам ауруханаға жеткізілді

Поделиться:
Атырау облысында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.

Бүгін таңертең Құлсары-Тенгиз тасжолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 шақырым қашықтықта екі автокөлік соқтығысты.

Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Лада 2131” маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан. Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді, - делінген ІІМ хабарламасында.


ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-баптың 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Орын алған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также