Ведомство басшысының хабарлауынша, 1 наурыз күні коронавирус індетінің қаупі жоғары елдердің тізімі жаңартылады.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Қазір Корея елінен Қазақстанға қайтқысы келетін қанша отандасымыздың барын анықтап жатырмыз. 30 мыңнан аса қазақстандықтың 25 мыңы елге оралғысы келеді делік. Қазір біздегі жұқпалы аурулар ауруханасында 7 мыңға жуық орын бар. Олардың барлығын бір мезетте жеткізу мүмкін емес екені түсінікті. Әлемнің көптеген елінде вирус жұқтырды деген күдікке ілінгендердің кейбірі үйлерінде жатып ем қабылдайды. Оларды дәрігерлер үздіксіз бақылайды. Сол тәжірибені қолдануымыз әбден мүмкін.