Корольдікке қажылықпен келіп, Мәдинадағы әл-Масджид ән-Набави мешітіне барғысы келетіндер үшін елге кіру уақытша тоқтатылды, - делінген жазбада.
Оның үстіне коронавирус тарап жатқан елдерден Сауд Арабиясына туристерді кіргізуге де тосқауыл қойылған. Мұның барлығы елдегі қауіпсіздік шаралары үшін қолға алынған.