«Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 млрд теңгеге ұсыныстар берілді. Оның ішінде мемлекеттік органдар 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге қысқарады», - деді ол.
Үкімет басшысы Асқар Мамин осыған қатысты тапсырмалар берді.
«Жергілікті бюджет шығындары бойынша әкімдіктер мәслихат арқылы аталған жұмыстарды қысқарту жөнінде шешім қабылдау керек. Ұлттық холдингтер мен компания басшылары басқарма отырыстарында шығындарды қысқарту жөнінде бір шешімге келуі тиіс», - деді Үкімет басшысы.