"Қандас бауырларымызға қолайлы жағдай жасау үшін тұрақты тұруға ықтиярхат және Қазақстан азаматтығын алу құқығын бір өтінішпен беру көзделіп отыр. Қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы парламент мәжілісінде қаралып жатыр", - деді Нұрымбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің сөзінше, 1991 жылдан бері 1 миллион 57 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралған.
Былтыр республикаға 9 993 отбасы (17,7 мың этникалық қазақ) келсе, 597 оралман отбасы (2 мың адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды.
"Менің кінәм емес...": Қытайдағы туыстарына барған қазақ қызы қиындыққа тап болды
"Өткен жылы мерзімі біткен оралман мәртебесін ұзарту бойынша біржолғы акция аясында 8200 қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды", - деді ол.
Сонымен қатар, оралмандарға "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін оңтайландыру көзделуде.