Қоғам қайраткері: дұңғандар жергілікті билікті сатып алды
Қордай оқиғасы тұрмыстық жанжал, түсініспеушіліктің салдарынан туындап, жаппай төбелеске ұласқан тәртіпсіздік деген сияқты пайымдар айтылғанымен мен мұндалап тұрған түйткілдерді ешкім жасырып жаба алмайды. Қайнай қайнай сүт те тасиды. Ерегес, төбелес, жаппай тәртіпсіздік, қирату, өртеу. Иә, бұл келеңсіздіктер болды, бірақ еріккенің, желіккенің ісі емес, басынғанға ашынғанның жауабы. Иә артық та кеткен шығар, бірақ алдын алуға болар еді. Қордаланған проблемаларға көз жұмылмағанда. Қоғам өкілдері, ғаламтор, жұртышылық қазір осы пікірді жиі айтып жатыр.

Жабулы қазан күйінде жабылып келген түйткілдердің түбі жарып шығатыны күмән туғызбайды. Аптада Ақ Ордада өткен жиында да осы жайттар айтылды. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жауапты орындарды сынға алды. Болар іс болды, ендігіде мұндай жаттарды болдырмау ләзім. Қауымдасып өмір сүрмей, ауылдасып бірге жасаудың жолы мен жөнін ойлау басты міндет. Ассемблея болсын, жергілікті билік болсын, ел, қоғам үшін ортақ бір мүдде керек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.