
Оралда ер адам оқушы қыздың артынан подъезге дейін еріп келіп, есіктен кіргеннен кейін тиіспек болған. Күдіктіні қыздың жан ұшырған даусына жүгіріп келген подъезд тұрғындары құрықтаған.

Болған оқиға подъезде орнатылған камераға түсіп қалған. Кадрларда қолында пакеті бар ер адам қыздың соңынан әдейі еріп барып, оның артынан подъезге кіреді. Аталмыш видео "Жалоба Уральск" инстаграм-аккаунтында жарияланған. Пост авторының айтуынша, подъезге кірген еркек оқушыны бас салған. Алайда, қыздың жылаған даусын естіген көршілері оны құтқарып қалған. Оқиға 13 ақпанда 14:20 шамасында Жеңіс ықшамауданы №27 үйдің подъезінде болған.

БҚО Полиция департаменті мектеп оқушына қатысты жасалған қылмысты растады. Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Болатбек Белдібековтің сөзінше, ер адам арам ойын іске асырмақ болған. Күдіктіні оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері ұстады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Просмотров материала: 0
Комментарии